Кәсіби бокс

Жүкембаев нокаутпен жеңістен кейін мәлімдеме жасады

Жүкембаев нокаутпен жеңістен кейін мәлімдеме жасады
WBA

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (23-1, 17 КО) кәсіпқойдағы кезекті жеңісіне қатысты пікір білдірді.

АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өткен бокс кешінде Батыр украиналық Иван Редкачты (24-7-1, 19 КО) бесінші раундта нокаутпен жеңді.

"Аллаға шүкір жеңіс, Алға Қазақстан!!! Маған шынайы жанкүйер болып, маған жасаған дұға тілектеріңізге мың алғыс айтамын….", - деп жазыпты боксшы әлеуметтік желіде.


Басқа спорттық жаңалықтар