Дзюдо

Бас бапкер дзюдодан ерлердің ешбірі жүлде ала алмағанын түсіндірді

Бас бапкер дзюдодан ерлердің ешбірі жүлде ала алмағанын түсіндірді
olympic.kz

Дзюдодан құраманың бас бапкері Нұрбол Сүлейменов ерлерден ешбір қазақстандық балуан жүлдеге іліге алмаған Әбу-Дабиде өткен әлем чемпионатына қатысты ойын айтты.

"Соңғы жарыс күнінде татамиге шыққан Нұрлыхан Шархан мен Ерасыл Қажыбаев та жеңілді. Өкінішті. Ерасыл жеңіп келе жатып, жығылып қалды.

Жалпы, әлем чемпионатының нәтижесі көңіл көншітпейді. Мұның бәріне жарыс кестесінің тығыздығы себеп болды деп ойлаймын. Апта сайын әлемдік жарысқа қатысу оңай емес.

Әлем чемпионаты алдында біз рейтингілік ұпай жинау мақсат еттік. Қазір олимпиадалық рейтингке бірнеше спортшымыз еніп отыр.

Ендігі мақсат - қалған екі айда Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындалу", - деді бас бапкер.

Айта кетейік, Қазақстан командасының ең үлкен нәтижесі - Елдос Сметов иеленген 5-орын.

Басқа спорттық жаңалықтар