Футбол

Жастар құрамасы Еуро-2025 турниріне іріктеуде алғашқы жеңісіне жетті

Жастар құрамасы Еуро-2025 турниріне іріктеуде алғашқы жеңісіне жетті
Instagram/ kff_team

Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысының төртінші ойынында Мальтамен кездесті, деп хабарлайды Кazinform.


Сырт алаңда өткен матчта қазақстандық жастар алаң иелеріне қарсы тегеурінде ойын көрсетті. Аталған топта Мальта әлсіз құраманың бірі болып отыр. Қазірге дейін төрт кездесудің барлығында қарсыласына есе жіберді. Бүгінгі ойынның бірінші кезеңінде қос құраманың да есеп ашатын бірнеше мүмкіндігі болған еді.


Екінші кезеңде қазақстандық Айбар Абдулла 53-минутта есеп ашса, 72-минутта Дамир Қасаболат басымдықты арттыра түсті.


Осылайша, Қазақстан футболшылары құрлықтық дода іріктеу сатысындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Есеп – 2:0.


Қазақстан В тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары – Испания, Мажарстан, Шотландия, Мальта және Бельгия құрамалары.


Еске салсақ, ел жастары бұдан бұрын үш ойын өткізіп, Мажарстанға – 0:2, Бельгияға – 0:1, Испанияға 0:4 есебімен жол берді. Енді ҚР құрамасы алдағы ойынын 2024 жылдың 21 наурызында сырт алаңда Шотландияға қарсы өткізеді.

Басқа спорттық жаңалықтар