Футбол

"Ордабасына" жаңа басшы тағайындалды

"Ордабасы" ФК

Асхат Сейсембек шымкенттік «Ордабасы» футбол клубына жаңа басшы келді. Оны футболшылар мен жанкүйерлерге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков таныстырды, деп хабарлайды клубтың бапасөз қызметі.

«Жаңа басшының футболға тікелей қатысы бар. Бұған дейін ол Туризм және спорт индустриясын қолдау қорының бас директоры, Жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы қызметтерін атқарды»,- делінген мәліметте.

Кездесу барысында футбол клубының жоспарлары мен міндеттері талқыланды. Команданың басты мақсаты – Қазақстан чемпионы атағын қорғау, сонымен қатар іріктеу ойындарында жақсы өнер көрсетіп, УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығу екені айтылды.

Басқа спорттық жаңалықтар