Теннис

Данилина WTA 250 турнирінің алтынына таласады

Данилина WTA 250 турнирінің алтынына таласады

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Марокконың Рабат қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің финалына жетті.

Данилина қытайлық Сюй Ифаньмен бірге жартылай финалда жапониялықтар Эри Ходзуми мен Макото Ниномиямен бір сағат 22 минутқа созылған матчта 6:4, 6:4 есебімен басым түсті. Қазақстандық-қытайлық дуэт 1 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Жапониялық қарсыластар 1 эйс, 3 брейкпен (11 брейк-пойнт) шектелді.

Енді Анна Данилина мен Сюй Ифань финалда ресейліктер Яна Сизикова мен Ирина Хромачёвамен алтынға таласады.

Басқа спорттық жаңалықтар