Футбол

"Жеңісті" грекиялық бапкер жаттықтыратын болды

KazFootball.kz

Грекиялық маман Акис Вавалис "Жеңіс" футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды. 38 жастағы бапкер бұл орында Леван Коргалидзенің орнын басты.

Акис Вавалис бапкер карьерасын 2011 жылы Грекия Суперлигасында "Пансеррайкоста" бас бапкердің көмекшісі ретінде бастады. Одан кейін грекиялық түрлі клубтарды, сонымен қоса, шведтік «Васалундс» және болгариялық «Крумовград» командаларымен де жұмыс істеген.

Ол жаттықтырған кейінгі клуб косоволық "Дрита" болды. 

Басқа спорттық жаңалықтар