Теннис
Скатов Аугсбургтегі Челенджердің ширек финалына жетті
ҚТФ
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Германияның Аугсбург қаласында өтіп жатқан Челленджер сериясындағы турнрирдің ширек финалына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда словакиялық Норберт Гомбошпен ойнап, екі сағатқа жуық уақыт ішінде 6:4, 6:1 есебімен ұтты. Бұл матчте Скатов 6 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Гомбош 6 эйс, 2 брейкпен (10 брейк-пойнт) шектелді.
Енді Скатов жартылай финалға шығу үшін америкалық Тоби Алекс Кодатпен ойын өткізеді.