Футбол

"Қайратты" Кержаков жаттықтыратын болады

"Зенит" ФК

Ресей құрамасы мен "Зенит" клубының бұрынғы шабуылшысы 41 жастағы Александр Кержаков алматылық "Қайраттың" бас бапкері қызметіне тағайындалады.

"Инсайды от Карпа" телеграм-арнасының мәліметінше, Кержаковтың бұл қызметке тағайындалу мәселесі шешіліп қойған.

Кержаковтың бұған дейін сербиялық "Спартак" клубын 2023 жылдың қарашасына дейні жаттықтырып келді. Ал жалпы бапкер ретінде кипрлік «Кармиотиссада» (2023 жылдың ақпанынан сәуіріне дейін), «Нижний Новгород» (2021 жылдың маусымынан 2022 жылдың маусымына дейін) және «Томь» (2020 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың мамырына дейін) клубтарын бас бапкер ретінде қызмет атқарған.


Басқа спорттық жаңалықтар