Теннис

Данилинаға Мароккодағы турнир финалына бір қадам қалды

Данилинаға Мароккодағы турнир финалына бір қадам қалды
ҚТФ

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Марокконың Рабат қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің жартылай финалына өтті.

Данилина қытайлық Сюй Ифаньмен бірге ширек финалда ұлыбританиялық Хэрриет Дарт пен қытайлық Сю Ван дуэтімен бір сағаттан астам уақыт ойнап, 6:3, 10:7 есебімен ұтты. Бұл матчте қазақстандыө-қытайлық жұп 1 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ. Дарт – Ван 5 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

Енді Данилина мен Сюй Ифань финалға шығу үшін жапониялықтар Эри Ходзуми және Макото Ниномияны ұтуы керек.

Басқа спорттық жаңалықтар