Дзюдо

Әлем чемпионатында бүгін татамиге шыққан екі дзюдошымыз да жеңілді

Әлем чемпионатында бүгін татамиге шыққан екі дзюдошымыз да жеңілді

Дзюдодан Қазақстан командасы әлем чемпионатының төртінші жарыс күнінде де жүлдесіз қалды, деп жазады Olympic.kz.

Бүгін Әбу-Дабидегі әлем чемпионатында Аруна Жангелдина (78 келі) мен Екатерина Токарева (70 келі) сынаға түсті. Жангелдина бірінші белдесуде Ұлыбритания өкілі Эмма Рейдке есе жіберді. Ал Токарева болса, бірінші айналымда өзбекстандық Гүльноза Матниязованы жеңіп, екінші кезеңде испаниялық Ай Цунодоға есе жіберді.

Осылайша, Қазақстан командасы кезекті жарыс күнін жүлдесіз аяқтады.

Әзірге дейін Қазақстан қоржынында Абиба Әбужақынова (48 келі) жеңіп алған қола жүлде ғана бар.

Басқа спорттық жаңалықтар