Гимнастика

Эльжана Таниева Қазақстан чемпионы атанды

Эльжана Таниева Қазақстан чемпионы атанды
instagram.com/kazgymfederation

Астанада өтіп жатқан көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионатында Эльжана Таниева топ жарды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Таниева көпсайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды. Күміс жүлде Милана Парфилова, қоланы Айбота Ертайқызы иеленді.

Айта кетелік, Эльжана Таниева биыл Азия чемпионы атанып, Париж Олимпиадасына жолдама алған болатын.

Айбота Ертайқызы да Азия чемпионатынан құр қайтпай, таспамен жаттығуда алтын жеңіп алды.

Басқа спорттық жаңалықтар