Теннис
Бублик Лиондағы турнирдің ширек финалына жетті
KTF
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Францияның Лион қаласында өтіп жатқан АТР 250 турнирінің ширек финалына өтті.
Бублик жарыстың екінші айналымында аустралиялық Александар Вукичпен 1 сағат 11 минут ойнап, оны 6:4, 6:2 есебімен ұтты. Бұл матчте қазақстандық теннисші 10 эйспен бірге 3 брейк-пойнттан шашау шығарған жоқ. Вукич 3 эйспен шектелді.
Александр Бублик келесі ойында ресейлік Павел Котовпен жартылай финалға жолдаманы сарапқа салады.