Теннис

Данилина Мароккодағы WTA 250 турнирінің ширек финалына өтті

Данилина Мароккодағы WTA 250 турнирінің ширек финалына өтті
ktf.kz

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Марокконың Рабат қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің ширек финалына өтті.

Данилина қытайлық Сюй Ифаньмен бірге екінші айналымда белоруссиялық Лидия Морозова мен нидерландтық Аранча Русты бір сағаттан сәл астам уақытта 6:3, 6:2 есебімен ұтты. Олар 1 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың жетеуін мүлт жіберген жоқ. Белоруссиялық-нидерландтық дуэт 1 эйс, 3 брейктен (4 брейк-пойнт) аса алмады.

Анна Данилина – Сюй Ифань енді ұлыбританиялық Хэрриет Дарт және қытайлық Сю Ванмен жартылай финал жолдама үшін таласады.

Басқа спорттық жаңалықтар