Футбол

"Челси" Почеттиноның орнын басатын мамандарды тапты

chelseablues.ru

Кеше, 21 мамырда англиялық "Челси" футбол клубы бас бапкер Маурисио Почеттиноның қызметінен кеткенін ресми хабарлады.

Енді лондондық клуб басшылығы команданы жаттықтыратын маман іздеуде. Инсайдер Фабрицио Романоның айтуынша, клуб басшылығы қазір бос орынға үш үміткерді қарастырып жатыр екен.

Фулхемдік команданы Томас Фрэнк (Брентфорд), Киран МакКенна (Ипсвич Таун) немесе Себастьян Хоенес (Штутгарт) жаттықтыра бастауы мүмкін. 

Басқа спорттық жаңалықтар