ММА

UFC чемпионына Белаладың алдында Шавкатпен айқас ұсынылған екен

UFC чемпионына Белаладың алдында Шавкатпен айқас ұсынылған екен
MMAExpress

Жартылай орта салмақта UFC чемпионы Леон Эдвардс (23-3) UFC 300 турнирінде қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (18-0) айқасу ұсынылғанын айтты.

Сонымен бірге, британиялық чемпионға жеңіл салмақта титулы бар Ислам Махачев және орта дивизиондағы Хамзат Чимаевты қарсылас ретінде ұсынған екен. Алайда Эдвардс америкалық Белал Мухаммадпен шыққысы келген.

- Мен Белалмен жекпе-жекті бұрыннан сұрап келемін. UFC 300 турниріне үш қарсылас ұсынды. Кез келгенімен айқасуға дайын едім, бірақ сұрадым: "Белал ше?" деп. Бұл сұрауымды қабылдамады.

- Сағат Ислам, Шавкат немесе Хамзатпен жұдырықтасуды ұсынғаны рас па?

- Иә. Мен кез келгенімен төбелесемін дедеім, өйткені бұл үлкен кард және карьерама оңды әсер етеді. Бірақ бәрібір болмады, сосын мен Белалмен жекпе-жекті ұсындым. Сосын олардың қызығушылығы оянды", - дейді британиялық файтер Ариэль Хельваниге сұхбатында.

Басқа спорттық жаңалықтар