Кәсіби бокс
Ангелина Лукас "Индонезиялық патшайыммен" жекпе-жекке шығады
instagram.com/angelina_lukas1997
Қазақстандық бұрымды боксшы Ангелина Лукас (9-1, 5 КО) келесі жекпе-жегі туралы құлақтандырды.
Лукас келесі айқасын 30 мамыр Таиланд астанасы Бангкокта өткізеді. Ал қарсылас индонезиялық Харма Йести (1-3-1, 0 КО).
"Саған біздің бокс мектебі не екенін көрсетемін! Бұл менің кәсіпқойдағы он бірінші жекпе-жегім. Кеттік! Рейтингтік айқас", - деп жазыпты Лукас Instagram желісінде.