Кәсіби бокс

Александр Усикті абсолют чемпион атағынан айыруы мүмкін

Александр Усикті абсолют чемпион атағынан айыруы мүмкін
sport5.by

Украиналық боксшы Усик (22-0, 14 КО) 1 маусымда ауыр салмақта абсолют чемпион атағынан айырылады. Өйткені ол IBF титулын міндетті қарсылас атанған хорватиялық Филипп Хрговичпен (17-0, 14 КО) жекпе-жекте қорғай алмайды.

Инсайдер Дэн Рафаельдің мәліметінше, Хорговичтің қарсыласы британиялық Даниэль Дюбуа (20-2, 19 КО) болады, ал Усик қазан айында Тайсон Фьюримен (34-1-1, 24 КО) қарымта өткізуді жоспарлап отыр. Украиналық боксшы өткен демалыста британиялықты жеңгенде абсолют атанған еді.

Айта кетейік, Фьюри үшін бұл кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңіліс болды, ал Усик осы уақытқа дейін жеңілістің не екенін білмей келеді.

Басқа спорттық жаңалықтар