Теннис

Скатов Аугсбургтегі Челленджерді сәтті бастады

Скатов Аугсбургтегі Челленджерді сәтті бастады
ҚТФ

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Германияның Аугсбург қаласныда өтіп жатқан Челленджер сериясындағы турнирдің екінші айналымына өтті.

Қазақстандық теннисші бірінші айналымда мысырлық Мохамед Сафватпен бір жарым сағат ойнап, оны 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Бұл турнирдің бірініші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық 1 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ.

Енді Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің италиялық Андреа Пиккьоне мен словакиялық Норберт Гомбош матчінің жеңімпазымен ойнайды. 

Басқа спорттық жаңалықтар