Теннис

Недовесов жұптық сында Швейцариядағы АТР 250 турнирінің ширек финалына жетті

Недовесов жұптық сында Швейцариядағы АТР 250 турнирінің ширек финалына жетті
ҚТФ

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Женева (Швейцария) АТР 250 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бастапқы кездесуін америкалықтар Натаниэль Ламмонс — Джексон Уизроумен өткізді. Бірінші партияны қазақстандық-эквадорлық жұп өз есебіне жазды – 6:4. Екінішісінде америкалық дуэт есе қайырды. Супер тай-брейкті Недовесов – Эскобар сәтті аяқтай алды – 10:3. Бір сағат 24 минутқа созылған матчта олар 2 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Америкалықтар 5 эйс, 1 брейкпен көзге түсті.

Александр Недовесов – Гонсало Эскобардың ширек финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

Басқа спорттық жаңалықтар