Семсерлесу

"Олимпиадалық рейтингтегі позициямызды нығайта түседі". Қазақстандық семсерші Франциядағы жүлде жайлы

olympic.kz

Cемсерлесуден Қазақстан командасының мүшесі Руслан Курбанов Францияда өткен әлем кубогі кезеңіні туралы ойын айтты. 

 «Бұл көрсеткіш біздің әлемдік және Олимпиадалық рейтингтегі позициямызды нығайта түседі. Біздің рейтингте қай орында тұрғанымыз Олимпиададағы алғашқы қарсыластар таңдалатын кезде өте маңызды роль ойнайды. Бұл стратегиялық тұрғыдан маңызды. Азия чемпионатынан кейін жеребе белгілі болып, қарсыластар анықталады», - дейді ол.

Франциядағы турнирде алғашқы 16 команданың қатарына кіру үшін Қазақстан Ливияны, 1/8 финалда Испания құрамасын жеңді - 45:27. Ширек финалда Украина құрамасынан да басым түсті - 45:37. Алайда жартылай финалда Францияға 36:45 есебімен жол берді. Дегенмен қола жүлде үшін таласта Израильді анық жеңе алды. 

Басқа спорттық жаңалықтар