Теннис
Шевченко Женевадағы ATP 250 турнирінің екінші айналымына өтті
"Чемпионат"
Қазақстанның екінші, әлемнің 61-ракеткасы Александр Шевченко Швейцарияның Женева қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің екінші айналымына өтті.
Қазақстандық теннисші бірінші оматчінде венгриялық Фабиан Марожанмен бір жарым сағат ойнап, 6:4, 7:6 (7:4) есебімен ұтты. Бұл кездесуде Шевченко 6 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.
Марожан 2 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) шектелді.Енді
Александр ширек финалға шығу үшін америкалық Маркос Хирон мен финляндиялық Емил Руусувори матчінің жеңімпазын ұтуы қажет. .