Бокс

Қазақстан құрамасы бокстан соңғы жолдамалар ойнатылатын турниге аттанды

Қазақстан құрамасы бокстан соңғы жолдамалар ойнатылатын турниге аттанды
ҚБФ

Бокстан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасына соңғы лицензиялар ойнатылатын Таиландтағы іріктеу турниріне ұшып кетті.

Бұл жарыс 24 мамыр мен 2 маусым аралығы Бангкокта өтеді. Оған ерлерден 1 және 4 бұрымды боксшымыз қатысады.

Олар: 63,5 келіде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы. Ал бұрымдылардан Назым Қызайбай (50 келі), Ұлжан Сәрсенбек (54 келі), Наталья Богданова (66 келі) және Валентина Хальзова (75 келі).

Айта кетейік, бұған дейін бокстан Олимпиада жолдамалары Ханчжоудағы Азия ойындарында және Бусто-Арсициодағы турнирде таратылған еді. 

Басқа спорттық жаңалықтар