ММА

Ауыр салмақтағы қазақ файтер қарсыласын бірінші раундта-ақ оңдырмады

Ауыр салмақтағы қазақ файтер қарсыласын бірінші раундта-ақ оңдырмады
Eagle FC

Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай (9-0) екі жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралды. Абу-Дабиде өткен UAE Warriors 50 турнирінде ол аргентиналық Эмилиано Сордимен (24-13-1) жекпе-жек өткізді.

Бұл айқас бірінші раундта-ақ аяқталды, Дияр қарсыласын бет қаратпай сабап тастады. Төреші жекпе-жекті үзіп, аргентиналықтың таяқ жеуін тоқтатты. Осылайша, қазақ файтер тоғыз жекпе-жегінің жетеуін нокаутпен аяқтап отыр.

Бұған дейін Дияр 2022 жылы тамызда Eagle FC турнирінде жұдырықтасқан. Ол кезде қазақ файтер Хабиб Нурмагомедовтың лигасындағы чемпиондығын қорғап қалған.



Басқа спорттық жаңалықтар