Хоккейден әлем чемпионаты — 2024

Бүгін Қазақстан элиталы двивзионда қалу үшін жеңуі қажет

Бүгін Қазақстан элиталы двивзионда қалу үшін жеңуі қажет
sportarena.kz

Бүгін, 20 мамырда Қазақстан құрамасы Чехияда өтіп жатқан 2024 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде соңғы матчін ойнайды. Қарсылас Польша құрамасы.

Кездесу Астана уақытымен 23:20-да басталады. Ал матчті Qazsport тікелей көрсетеді, трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.

Қазақстандық хоккейшілер 3 ұпаймен В тобында соңғыдан бір орын ғана алда - жетінші болып келеді. Ал польшалықтар бір ғана балл жинап, соңғы орында тұр.

Ғалым Мәмбеталиев жаттықтыратын команда элиталық дивизионда орынн сақтау үшін бүгінгі матчте ұтуы қажет.

Қазақстан бұл турнирде Францияны ұтып (3:1), артынан Словакия (2:6), Латвия (0:2), Швеция (1:3), Германия (2:8) және АҚШ-тан ұтылды (1:10).

Басқа спорттық жаңалықтар