2024 Еуропа Чемпионаты
ЕУРО-2024 іріктеу матчына Қазақстан төрешілері тағайындалды.

Беларусь-Андорра кездесуінде қазақстандық төрешілер Болат Сариев, Сергей Калачев, Юрий Тихонюк және Айдын Тасыбаев жұмыс істейді.
Кездесу 18 қарашада Астана уақытымен 23:00-де өтеді. Ойын Венгрияның Будапешт қаласындағы Ференц Сусса стадионында өтеді.
Ойынның бас төрешісі болып Болат Сариев тағайындалды. Оған Сергей Калачев пен Юрий Тихонюк көмектеседі. Төртінші төреші қызметін Айдын Тасыбаев атқарады.