ММА
Чемпиондық айқас! UFC Леон Эдвардс пен Белал Мухаммад айқасын ресми құлақтандырды
Prosports.kz
UFC басшысы Дана Уайт жартылай орта салмақ чемпионы, британиялық Леон Эдвардс пен америкалық Белал Мухаммад арасындағы жекпе-жек өтетінін әлеуметік желі арқылы ресми құлақтандырды, деп жазады fight.ru.
Бұл жекпе-жек 28 шілде Манчестерде өтетін UFC 304 турнирінің басты жекпе-жегі болады.
Айта кетейік, Эдвардс пен Белал бұған дейін 2021 жылы октагонда кездескен, алайда ол жекпе-жек өтпеген болып саналды. Өйткені Эдвардс Белалдың көзіне абайсызда саусағын тығып алады, осыдан кейін америкалық файтер жекпе-жекті жалғастыра алмай қалған еді.