Футбол
Қазақстан футбол лигасының басшысы Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті. Мұндай шешім қабылдауына оның басқа қызметке ауысуы себеп болды.
Рафаэль Гарибян Қазақстан футбол лигасы президенті лауазымына 2023 жылдың 2 мамырында тағайындалды. Оның басшылығымен бірқатар жоба жасалды - Лига ребрендингі, жаңа регламенттердің қабылдануы, маркетингтік стратегия, жаңа демеушілердің келуі және басқа.
Бұл қызметті қазақстандық белгілі маман Ғани Қайназаров атқаратын болды.