Футбол
Қазақстандық маман шетел чемпионатында үздік бапкер атанды
"Жальгирис" ФК
«Жальгирис» командасының қазақстандық жаттықтырушысы Владимир Чебурин сәуір айында футболдан Литва чемпионатының үздік бапкері болып танылды, деп хабарлайды 15mi.lt сайты.
Бұл Литва чемпионатының комментаторлары мен подкаст жүргізушілерінің дауыстарын санағаннан кейін белгілі болды.
Сәуірде «Жальгирис» ойыншылары алты матчта бес рет жеңіске жетті: Чебурин командасы «Шауляйды» (3:0), «Трансинвестті» (2:0), Паневежісті (2:1), Дзиугасты (3:1) және Дайнаваны (4:0) жеңді. Судувамен (1:1) тең түсті.
Айта кетейік, 13 ойыннан кейін «Жальгирис» ел біріншілігінің турнирлік кестесін бастап тұр.