Гимнастика

Азия құрлығындағы соңғы лицензия үшін таласатын гимнастшыларымыз іріктелді

Азия құрлығындағы соңғы лицензия үшін таласатын гимнастшыларымыз іріктелді
olympic.kz

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтетін спорттық гимнастикадан лицензиялық Азия чемпионатына Қазақстаннан алты атлет қатысады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті.

Бұл жарысқа Милад Карими, Нариман Құрбанов, Ілияс Азизов, Фарух Нәбиев, Дмитрий Патанин және Диас Тойшыбек аттанады.

Еске салайық, Александр Ким баптайтын спортшылар арасында Карими былтыр Бельгияның Антверпен қаласында өткен əлем чемпионатында көпсайыстан Париж Олимпиадасына кваот жеңіп алды, ал Құрбанов ат снарядынан осы жылы Қатар астанасы Дохада әлем кубогының шешуші кезеңінде лицензияға қол жеткізді.

Енді, өзге гимнастшыларымыз Азияға бөлінген соңғы лицензияға таласады.

Басқа спорттық жаңалықтар