Теннис

Жібек Құламбаева Загребтегі турнирдің жартылай финалына бір қадам қалды

Жібек Құламбаева Загребтегі турнирдің жартылай финалына бір қадам қалды
ҚТФ

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Загребтегі (Хорватия) ITF W75 турнирінің ширек финалына өтті.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда жапониялық Химено Сакацумемен бір жарым сағат ойнады. Бірінші партияны Жібек 6:2 есебімен түйіндесе, екіншісінде де есесін жіберген жоқ – 6:4.

Енді Жібек жартылай финалға шығу үшін хорватиялық Тена Лукас пен сербиялық Лола Радивоевич матчінің жеңімпазымен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар