Кәсіби бокс

Сарапшы Жәнібек пен Адаместің текетіресі орынсыз екенін ашық айтты

Сарапшы Жәнібек пен Адаместің текетіресі орынсыз екенін ашық айтты
twitter.com/BroncoAdames/trboxing

Америкалық бокс шолушысы әрі инсайдер Дэн Рафаэль қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) мен доминиканалық Карлос Адаместің (23-1, 18 КО) әлеуметтік желіде байланысып қалғандарына қатысты ойын айтты.

Орта салмақта WBO және IBF титулдары бар Жәнібек WBC чемпионын жекпе-жекке шақыруын қояр емес. Екі боксшының бір-бірінен бөлек өтетін келесі жекпе-жектері белгіленіп қойғанын айта кетейік.

Әлімханұлы соңғы рет былай деген еді: "Саған дүйсенбіге дейін уақыт беремін. Егер ез болмасаң, алдыңда жатқан келісімшартқа қол қой".

"Мұның бәрі біртүрлі, өйткені екеуі де бір-бірінен мүлде бөлек жекпе-жек өткізуге басқа келісімшарттарға қол қойып қойған ғой", - деп жазыпты Рафаэль твиттерде.

Басқа спорттық жаңалықтар