2024 Париж Олимпиадасы

Министр Олимпиадада жүлде алатын спорт түрлерін атады

Министр Олимпиадада жүлде алатын спорт түрлерін атады
Telegram/Turizm_jane_sport_ministrligi

Турзим және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қазақстан Париж Олимпиадасында жүлде жеңіп алатын үш спорт түрін атады.

"Бізде нысана атудан ешқашан осынша жолдама болған емес, бізде қазір 6 лицензия бар. Садақ атудан да мұнша лицензия ешқашан болған жоқ - 5 жолдама. Яғни, күтпеген бір нәтижелер болып қалуы мүмкін. Жүлде алуға болатын топ-3 спорт түрі, меніңше, боксшылар бізде жүлдесіз қалмауы керек.

Сонымен бірге, теннисшілер де деп ойдамын. Демек бокс, теннис және күрестің бір түрінен", - дейді Маржықпаев журналистер сұрағына жауап бере отырып.

Басқа спорттық жаңалықтар