Футбол

«Реал» Лука Модричтен құтылмақ

«Реал» Лука Модричтен құтылмақ
twitter.com/lukamodric10

Мадридтік «Реал» жартылай қорғаушы Лука Модричке жаңа келісім-шарт ұсынудан бас тартты. Енді хорватиялық футболшы маусым аяғында командадан кетеді. 

Relevo мәліметінше, шешім қабылданып қойған және бұл туралы жуырда ресми түрде хабарланады.

Алайда Модричтің өзі командада қалғысы келеді және айлығын айтарлықтай төмендетуге дайын екен. Бірақ клуб басшылығы жас футболшыларға сеніп артпақ, атап айтқанда Арду Гюлер Модричтің ізін бас алады деген ойда.

Модрич «Реал Мадрид» сапында 2012 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақыт ішінде ол испандық клуб сапында 300-ден астам матч өткізген.

Басқа спорттық жаңалықтар