ӘЧ плей-оффына жолдама: Қазақстан мен Латвия жеңімпазды анықтады
Шайбалы хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үшінші матчін өткізді. Бұл жолғы қарсылас Латвия құрамасы болды.
Ғалым Мәмбеталиев мұзайдынға келесідей құрамды шығарды: Шутов (Бояркин) – Металников-Бреус, Старченко-Шестаков-Рымарев; Орехов-Данияр См, Михайлис-Өмірбеков-Савицкий; Диханбек-Бекетаев, Панюков-Мұхаметов-Мұратов; Королев-Гайтамиров, Бойко-Рахманов-Әсетов.
Латвиялықтар айқын фаворит болғанымен, бірінші кезеңде есеп ашылмады, ал екінші кезеңде Андрей Шутовтың қақпасына екі шайба соғылды. Соңғы жиырма минутта ештеңе өзгерген жоқ. 2:0 есебімен Латвия жеңіске жетті. Айта кетейік, екі құрама бұған дейін де сегіз рет кездесіп, оның біреуінде ғана Қазақстан асым түскен.
Осылайша, Қазақстан бұл турнирде Францияны (3:1) ұтты, кейін Словакия (2:6) және Латвиядан (0:2) ұтылып отыр. Енді Қазақстан командасы 16 мамыр күні Швеция құрамасымен ойнайды.