Футбол

ЧЛ финалындағы «Боруссия» мен «Реал Мадрид» матчіне төрешілер тағайындалды

ЧЛ финалындағы «Боруссия» мен «Реал Мадрид» матчіне төрешілер тағайындалды
Complete Sports

УЕФА Чемпиондар лигасы финалындағы «Боруссия» мен «Реал Мадрид» матчінде қызмет ететін төрешілер тағайындалды.

Бас төреші ретінде словениялық Славко Винчич тағайындалды. Бас төрешіге Томаж Кланчник пен Андраж Ковачич (екеуі де Словения) көмекші болады. Төртінші арбитр Франсуа Летексье, тағы бір қосалқы төреші Сирил Мунье (екеуі де Франция). VAR төрешісі – словениялық Нейц Кайтазович, оның көмекшілері словениялық Раде Обренович пен италиялық Массимилиано Иррати.

«Боруссия» мен «Реал Мадрид» арасындағы Чемпиондар лигасының финалы 2 маусымға қараған түні Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтеді. 

Басқа спорттық жаңалықтар