Хоккейден әлем чемпионаты — 2024

8 кездесуде бір-ақ рет ұтқан. Бүгін Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Латвиямен ойнайды

8 кездесуде бір-ақ рет ұтқан. Бүгін Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Латвиямен ойнайды
icehockey.kz

Бүгін, 14 мамырда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы үшінші кездесуінде Латвияға қарсы ойнайды.

Әлем чемпионатында қазақстандық хоккейшілер В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түсіп жатыр. Чехияның Прага және Острава қалаларында өтіп жатқан жарыс 26 мамырда аяқталады.

Қазақстан мен Латвия кездесуі бүгін, 14 мамырда сағат 19.20-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі құрама бұған дейін 8 мәрте кездесті. Қазақстан оның біреуінде ғана жеңіске жеткен -  2021 жылдың 22 мамырында әлем чемпионаты элиталық дивизионында буллиттен басым түскен - 3:2.

Осыдан кейін Қазақстан 16 мамырда Швеция, 17 мамырда Германия, 19 мамырда АҚШ, 20 мамырда Польша хоккейшілерімен матч өткізеді. 

Басқа спорттық жаңалықтар