Теннис

Дмитрий Попко Португалиядағы Челенджердің негізгі сатысына өтті

Дмитрий Попко Португалиядағы Челенджердің негізгі сатысына өтті
KTF

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Португалияның Оэйраш қаласында басталған Челленджер сериясындағы турнирдің негізгі сатысына өтті.

Попко іріктеу сайысының финалында литвалық Вилиус Гаубаспен бір жарым сағат ойнап, 6:2, 6:3 есебімен ұтты. Матч кезінде Попко 1 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ. Гаубас 2 эйспен ғана шектелді.

Қазақстандық теннисшінің жарыстың негізгі кезеңіндегі алғашқы қарсыласы бразилиялық Густаво Хейде болады.

Басқа спорттық жаңалықтар