Бокс
Бүгін қазақ боксшылар "Елорда кубогінде" Өзбекстанмен тоғыз жекпе-жек өткізеді

ҚБФ
Бүгін, 14 мамырда бокстан "Елорда кубогі" халықаралық турнирінің екінші жарыс күні өтеді.
Бүгін рингте Қазақстан және Өзбекстан боксшылары арасында тоғыз жекпе-жек өтеді. Соның ішінде Қамшыбек Қонқабаев екінші айқасына шығады.
Трансляция Астана уақытымен 14:00-де басталады. Жекпе-жектерді Qazsport арнасы тікелей көрсетеді, трансляцияны арнаның ресми сайтынан тамашалауға болады.