Бокс

Нұрбек Мұрсал "Елорда кубогінде" қарсыласын нокаутқа түсірді

Нұрбек Мұрсал
ҚБФ

Қазастандық боксшы "Елорда кубогі" халықаралық турнирде әдемі нокаут жасады.

67 келіде өнер көрсететін Нұрбек Мұрсал үшінші раундта тәжікстандық қарсыласы Чонмухаммад Шеровты нокаутқа түсірді. Ал оған дейін екінші раундта қазақ боксшы қарсыласын бір рет нокдаунға түсірген еді.

Бүгін басталған турнир 18 мамырда аяқталады. Бұл жарысқа Қазақстанның бірінші нөмірлі боксшылары қатысып жатқанын айта кетейік.

Басқа спорттық жаңалықтар