Теннис

Скатов Тунистегі Челенджердің негізгі жарысына жетуге бір қадам қалды

Скатов Тунистегі Челенджердің негізгі жарысына жетуге бір қадам қалды
Instagram/@skatov_timofey

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Тунистегі Челленджер чериясындағы турнирдің іріктеу сайысын сәтті бастады.

Іріктеу сайыстарының жартылай финалында ол оңтүстіккореялық Квон Сун Вуды 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Енді Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының финалында нидерландиялық Макс Хаукеспен ойнайды. Жеңімпаз турнирдің негізгі жарысына өтеді. 

Атйта кетейік, бұл жарыстың жүлде қоры 82 мың АҚШ доллары. Турнир жеңімпазы 11 200 доллар жүлде және 75 рейтингілік ұпайға ие болады.

Басқа спорттық жаңалықтар