0
"Канелоны" жеңген Бивол келесі қарсыласымен көзарбасты

Видеодан скрин
Бірінші ауыр салмақта жұдырықтасатын ресейлік боксшы Дмитрий Бивол келесі жекпе-жегін 23 желтоқсан Сауд Арбиясындағы бокс кешінде өткізеді.
Бұл кеште Энтони Джошуа және Деонтей Уайлдер сияқты бокс жұлдыздары да жекпе-жекке шығады. Биволдың қарсыласы британиялық Линдон Артур болады.
Кеше бокс кешіне арналған баспасөз мәслихаты өтті, ал одан кейін Бивол мен Артур көзарбасты.
2022 жылы 5 қарашада өткен кейінгі жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген Бивол мексикалық Хильберто Рамиресті (44-1) төрешілер шешімімен жеңген болатын. Ал 32 жастағы Линдон Артур кәсіпқойда 24 жекпе-жек өткізіп, бір рет қана жеңілген екен.