Теннис

Путинцева Римде АҚШ чемпион болған теннисшіні ұтты

Путинцева Римде АҚШ чемпион болған теннисшіні ұтты
ktf.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Римде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына өтті.

Екінші кездесуінде Путинцева 2017 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы, америкалық Слоан Стивенспен ойнап, 1 сағат 14 минутқа созылған матчте 6:3 және 6:2 есебімен жеңіске жетті. 

Қазақстандық теннисші бұл ойында эйс жасамағанымен, 7 брейк-пойнттың төртеуін құр жіберген жоқ. Стивенс 4 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды.

Путинцеваның ендігі қарсыласы польшалық Ига Швентек пен америкалық Бернарда Пера арасындағы кездесудің жеңімпазы болады.

Басқа спорттық жаңалықтар