Футбол

Еуропа Лигасы финалында ойнайтын командалар анықталды

Еуропа Лигасы финалында ойнайтын командалар анықталды
GLOBAL LOOK PRESS

9 мамырда өткен УЕФА Еуропа Лигасы 1/2 финалының қарымта матчтарының қорытындысы бойынша турнирдің финалыситері анықталды. 

Леверкузен қаласындағы "Бай-Арена" стадионында өткен матчте "Байер" мен "Рома" 2:2 есебімен тең тарқасты. Осылайша, екі ойынның қорытындысы бойынша (алғашқы матч 4:2) "Байер" финалға жолдама алды.

Италияняң Баргамо қаласындағы қатар өткен матчте франциялық "Марсельді" ұтқан италиялық "Аталанта" финалға өтті.

Еске салайық, УЕФА Еуропа Лигасы 2023/2024 маусымының финалы 22 мамырда Ирландияның Дублин қаласында өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар