Бокс

Нганну Фьюримен жекпе-жек үшін UFC-дегі бүкіл карьерасынан көп табыс көрген

Нганну Фьюримен жекпе-жек үшін UFC-дегі бүкіл карьерасынан көп табыс көрген
Yahoo Sports

Ауыр салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Фрэнсис Нганну WBC чемпионы Тайсон Фьримен жекпе-жек үшін қанша табыс көргенін айтты, деп хабарлайды sports.ru. 


"Фьюримен жекпе-жек үшін бүкіл карьерамнан артық таптым. UFC-де өте аз төлейтін. Октагонға шыққаным үшін 10 мың доллардан бастағанмын. Бірақ рейтингте көтерілгенімен ақшадан қысылып жүрдім. 


Ал мұнда бәрі басқаша. Қарым-қатынас та өзге, отбасымды да патшалардай қарсы алды", - дейді ол. 


Нганну - Фьюри кездесуі 28 қазан Сауд Арабясында өтіп, британиялық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Басқа спорттық жаңалықтар