0

«Ювентус» істі болған ойыншысымен келісімшарты ұзартты

«Ювентус» істі болған ойыншысымен келісімшарты ұзартты
"Ювентус" ФК

Туриндік «Ювентус» команданың жартылай қорғаушысы Николо Фаджолимен келісімшартын ұзартты, деп жазады "Спорт-Эспресс".


22 жастағы италиялық футболшымен жаңа келісімшарт 2028 жылға дейін жасалды. Оған дейінгі келісім 2026 жылғы маусымның соңына дейін болатын.


11 қазанда Фаджоли заңсыз платформаларда бәс тіккені үшін тергеуге алынғаны белгілі болды. 17 қазанда «Ювентус» ойыншысы 7 айға шеттелді.


Ал осы маусымдағы 6 матчте ол 1 нәтижелі паспен ерекшеленген.

Басқа спорттық жаңалықтар