Бокс

Қазақстандық боксшы АЧ финалында өзбекстандық қарсыласын нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы АЧ финалында өзбекстандық қарсыласын нокаутқа түсірді
Видеодан кадр

Қазақстандық бұрымды боксшы Ақнәр Ишанова Астанада өтіп жатқан жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатында финалдық айқасын өткізді.

66 келіде өнер көрсететін Ақнәрдің финалдағы қарсыласы өзбекстандық Айсанем Саруарова болды. Бұл жекпе-жекте Ишанова үшінші ранудта нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Азия чемпионы атанған қазақстандық боксшы құрама қоржынына жетінші алтынды салды.

Басқа спорттық жаңалықтар