Бокс
Қазақстандық боксшының финалдағы жекпе-жегі даумен бітті
Видеодан кадр
Қазақстандық боксшы Ерболат Сабыр Астанада өтіп жатқан жастар арасындағы (22 жасқа дейін) бокстан Азия чемпионатында финалдық жекпе-жегін өткізді.
57 келіде өнер көрсететін Ерболаттың шешуші айқастағы қарсыласы үндістандық Нихил болды. Қазақ боксшы қабағын жарып алғанына байланысты жекпе-жек үшінші раундта уақытынан бұрын тоқтатылды.
Ал жеңісті үндістандық боксшыға берді, өз кезегінде бұл көрермен арасында дау тудырып, олар ысқырып, айқайға басты.
Қазақстандық боксшы мен оның бапкері де төрешілердің бұл шешімімен келіспеді. Ерболат наразылығын білдіріп, біразға дейін рингтен кетпей тұрып алды.