Хоккей

"Барыстан" кеткен форвард жаңа клуб тапты

"Барыс" ХК

"Барыс" сапынан кеткен Хоккейден Қазақстан құрамасының шабуылшысы Аркадий Шестаков ресейлік "Адмирал" сапына қосылды. 

29 жастағы Шестаков "Барысқа" бірінші дивизиондағы 2019 жылғы әлем чемпионатынан кейін ауысты. Содан бері шабуылшы астаналықтар сапында бес жыл өнер көрсетті.

Өткен маусымда Аркадий тұрақты маусымдағы 68 матчқа қатысып, 25 (15+10) ұпай жинады, бұл оның карьерасындағы ең үздік нәтиже болды. Жалпы, Шестаков Құрлықтық хоккей лигасындағы карьерасында 284 матч өткізіп, 38 гол соғып, 30 нәтижелі пас берген. 

Басқа спорттық жаңалықтар