Футбол

Мбаппе Франция чемпионатының қазан айындағы үздік ойыншысы атанды

Мбаппе Франция чемпионатының қазан айындағы үздік ойыншысы атанды
instagram.com/psg

ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе Франция чемпионатының қазан айындағы үздік ойыншысы деп танылды, деп жазады "Спорт-Экспресс"


24 жастағы франциялық өткен айдағы үш матчте 3 гол салып, бір нәтижелі пас берген. Осылайша, ол командаласы Варрен Заир-Эмери мен «Монако» хавбегі Александр Головиннен асып түсті. 


Франция чемпионатының биылғы маусымында Мбаппе 10 матчке қатысып, 10 гол салды және 1 ассист жасады.

Басқа спорттық жаңалықтар