Бокс

Қазақстан құрамасының капитаны финалда өзбек боксшыны екі рет есеңгіретті

Қазақстан құрамасының капитаны финалда өзбек боксшыны екі рет есеңгіретті
ҚБФ

Бүгін, 6 мамырда Астанада өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты финалында Сабырхан Төрехан рингке шықты.

67 келі салмақтағы шешуші айқаста Төрехан өзбекстандық Мухаммадазизбек Исмоиловты төрешілер шешімімен жеңді - 5:0 (28-25, 29-23, 28-25, 29-25, 28-25). Ал үшінші раундта қазақ боксшы қарсыласын екі рет есеңгіретті.

Бұл қазақстандық жігіттердің құрама қоржынына салған екінші алтыны болды.

Басқа спорттық жаңалықтар